gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Коронавирус iндетiне қарсы вакцина егу жұмыстары басталды

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Коронавирус iндетiне қарсы вакцина егу  жұмыстары басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ресейлік «Sputnik-V» атты вакцинасын Кентау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Бердисугирова мен Кентау қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқарма басшысы Ғазиза Егембердиева, Кентау қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Утебаев және медицина ұйымының қызметкерлері, жұқпалы аурулар, жансақтау бөлiмi, қабылдау бөлімі, фильтр бөлiмi және санитарлық эпидемия мекемелерiнiң мамандары салдырды.

Кентау қалалық емханасының екпе егу пункті дайындалып, профилактикалық екпелерді жүргізудiң стандартты операциялық процедуралары бекiтiлiп, 80-нен астам медицина қызметкерлерi қайта даярлаудан өтуге, екпе егуге рұқсат қағазы берiлген медицина қызметкерлерімен жүргiзiледi.
Алдымен, екпе алатын медицина қызметкерлері арнайы кабинетте дәрігердің қарауында болып, дене қызуы, қан қысымы, тамыр соғысы өлшенді. Ешбір қарсы көрсетілім болмаған соң барып, екпе жасалды.
Дәрiгердің тексеруінен соң, қарсы көрсеткiштерi болмаса пациентке ерiктi түрде вакцинациялауға келiсiм алады. Вакцина алғаннан кейін 30 минут бойы емханада дәрiгердiң бақылауында болады.
2021 жылдың соңына дейін қала тұрғындарына 18 жас пен 60 жас аралығында екпе егу жұмыстары жалғасады.
Ресейлік «Sputnik — V» атты вакцинасын салдыру 2 бөліктен және 3 кезеңнен тұрады. Яғни бірінші бөлігін салдырғаннан кейін 20 күн өткен соң 21-күні екінші бөлігі салынады.
Жалпы 3-кезеңнен тұратын екпе егу шарасының 1-ші кезеңі ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан басталды.
Бірінші кезеңде пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген жедел жәрдем, инфекция және қабылдау бөлімінің медициналық қызметкерлеріне егіледі.
Ал 2-ші кезең ағымдағы жылдың 1-ші наурызынан бастау алып, қалған медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге егу жоспарлануда.
3-ші кезең ағымдағы жылдың 1-сәуірінде басталып, бұл кезеңде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар азаматтарға егіледі.
Айта кетсек, екпені жоғарыда аталған санаттағы азаматтар тек қана өз еркімен ғана салдырады.

Previous Post

Кентауға 57 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды

Next Post

Жолдар жөнделуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz