gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауға 57 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Кентауға 57 млрд. теңгеден астам  инвестиция тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Кентау қаласына тартылған инвестиция көлемі 57,2 млрд. теңгеге жетіп, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өскен.
Кентау қаласындағы индустриалды аймақта 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның үшеуі жүзеге асып, ашылғалы бері 3,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Биыл тағы бес жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде, 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда қалада жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 мыңнан асады. Өнім көлемі 30,6%-ға артқан. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде жыл басынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 250 млн. теңгеге 70-тен астам жоба қаржыландырылды.
«Яссы-несие» несиелік серіктестігі арқылы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары аясында 43 жобаға 1,6 млрд. теңге несие берілді. Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 300 азаматқа 166 млн. теңге грант берілген. Олардың қатарында кондитерлік өнімдерді өндіру, тамшылатып суару, мал шаруашылығы және басқа да сала мамандары бар.
Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы бойынша үш кәсіпкер 12 млн. теңге грант жеңіп алды.
Субсидиялау үшін екінші деңгейлі банктер арқылы 9 жоба несиелендірілуге оң шешімін алған.
2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Кентау қалалық филиалы арқылы 700 млн. теңге 6-7 % мөлшермен несие берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласы бойынша 21 жоба қаралып, жартысынан астамы несиелендірілді.

Previous Post

Белсенді азаматтарға Елбасының алғыс хаты тапсырылды

Next Post

Коронавирус iндетiне қарсы вакцина егу жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz