gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Бала деп соққан бауырмал жүрек

3 апреля, 2021
in Мәдениет
0
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жыл — балалар әдебиеті жылы болып бекітілді. Осыған орай №11 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Қамқор» балабақшасында балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби сазды кеш өтті.

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды селосында дүниеге келді. Мұзафар Әлімбаев негізінен ересектерге арнап жазатын ақын болғанымен, ол еш уақытта балаларды назарынан тыс қалдырмаған. Ол өзінің шығармаларымен жас оқырмандарына ертеден таныс.
Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілерде сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді.
Ақын «Кім ұтылды, кім ұтты…» өлеңін сұрақпен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді.
Кішкентай оқырмандарды кітап оқуға баулу мақсатында өткізілген іс-шарада бүлдіршіндер ақын Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Балаларды адалдық пен мейірімділік жолына жетелеген «Қамқор» балабақшасының ұжымына яғни, меңгерушісі Анар Медетбекова мен әдіскер Гулзира Еримбетовағы, саз жетекшісі Гульнара Піржановаға, тәрбиешілері Эльмира Құрбаналиева мен Бибіхан Мусановаға кітапхана ұжымы атынан алғысымызды айтамыз.
С. Жүнісова,
№11 кітапхана-филиалының кітапханашы

Previous Post

"Жер сағаты"

Next Post

Кентау қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz