gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласына жаңа прокурор тағайындалды

8 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Кентау қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының прокуроры Марат Алиханов пен қала әкімі Дәурен Махажановтың қатысуымен қала активінің жиналысы өтті. Онда Марат Тілеуқабылұлы жаңадан тағайындалған қала прокурорын қала активіне таныстырды.
Жиында қала әкімі Дәурен Махажанов бүгінгі дейін қала прокуроры қызметін атқарған Талғат Сейдуалиевтің жаңа қызметіне табыс тіледі. Қаланың дамуы жолында қосқан үлесі үшін алғысын айтты.
Облыс прокурорының бұйрығымен Талғат Сатышұлы Арыс қаласына қызмет ауыстырды. Ал Кентау қаласының прокуроры болып Абдрешов Ардақ Сапарғалиұлы тағайындалды.

Айта кетейік, Ардақ Сапарғалиұлы 1981 жылы 10 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туылған.
Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Прокуратура органдарында еңбек жолын 2008 жылдан бастап, Кентау қаласы прокурорының көмекшісі, Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, 2019 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Кентау қаласы прокурорының орынбасары қызметін абыроймен атқарды.
Ардақ Сапарғалиұлының прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жыл 1 ай.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, облыс прокурорының бұйрықтарымен ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісі мен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 20 жыл медалімен марапатталған.

Previous Post

Бала деп соққан бауырмал жүрек

Next Post

Үшем дүниеге келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz