gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшем дүниеге келді

8 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Үшем дүниеге келді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғыны Мұхитовтар отбасында үшем дүниеге келді. Фатима, Захра, Хадиша есімді үш қыз наурыз айының 10 жұлдызында Түркістан қаласындағы перинаталды орталықта дүниеге келген. Қазір анасы мен сәбилердің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
№3 Облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туылған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, перзентханадан шығарды.
Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 32-ші аптасында әйелге жедел ота жасауға тура келген. Содан үш қыз мерзімінен бұрын дүниеге келіп, бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. №3 Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан. Жас отбасы Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары.
«10 наурыз күні үшем дүниеге келді. Енді дүниеге келгенде нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымай ИВЛ-аппаратында жатты. Кейін 10 күннен соң жансақтау бөлімінен ауыстырылды. Алғашқыда салмақтары — 1 кг 480 г, 1 кг 180 г және 1 кг 460 г болды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы», — дейді №3 Облыстық перинаталдық орталығының сарапшы дәрігері Гүлайша Ерназарова.
Ұрпағы көбейіп, өрісі кеңейген отбасының жас ана мен шала туған шақалақтардың өмірін арашалап қалған ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз.
— Біз 2013 жылы үйленгенбіз. 8 жылдан бері тұңғыш рет әке атанып отырмын. Бұл Алланың берген сыйы деп қабылдадым. Қыздарымның есімін анам қойды, — дейді әкесі Сардар Мұхитов.
Сардар Әлішерұлы Түркістандағы «Ақжол» ЖШС жұмысшы, ал анасы Динара үйде бала тәрбиесін қолға алып отыр.
Айта кетсек, былтыр облыстық перинаталдық орталығында 9793 сәби дүниеге келген. Жыл басынан бері 2652 нәресте туылған.

Previous Post

Кентау қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Next Post

Басшылар екпе салдыруды бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz