gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Басшылар екпе салдыруды бастады

8 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Басшылар екпе салдыруды бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңімен вакцина егу басталды. Вакцинаны тек кәмелетке толған Қазақ-станның кез келген азаматтары ала алады.
Кентау қаласына қарасты ауыл және ауылдық округ әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары мен бөлім, мекеме басшылары вирусқа қарсы екпе салдыруды бастады.
Әзірге әлемді жайлаған коронавирустың алдын алудың жолы тек вакцинация болып тұр. Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын. Яғни, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді.
Мамандар індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы екпе егу екенін алға тартып отыр. Осыған орай елімізде сәуірдің екінші жартысында COVID-19 инфекциясына қарсы жалпы вакцинациялау басталмақ.
Айта кетейік, індеттке қарсы екпені жүкті әйелдер мен жасы 18-ге толмаған жандарға салынбайды. Ал, вакцина салдырған адамдар мамандардың қадағалауында болады.
Бүгінгі күнге дейін қалаға 1410 екпе әкелінген болса, соның 1403 салынған. Ең алдымен медицина қызметкерлері мен педагогтар, құқық орган қызметкерлері алды. Енді вирусқа қарсы екпенің келуіне байланысты кезең кезеңімен салыну жоспарлануда.

Previous Post

Үшем дүниеге келді

Next Post

Кодекстегі жаңа өзгерістер түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz