gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кодекстегі жаңа өзгерістер түсіндірілді

8 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Кодекстегі жаңа өзгерістер түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері мен артықшылығы Жастар ресурстық орталығында өткен дөңгелек үстелде жан жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, жиында қайтыс болу фактісін анықтау бойынша талдау және неке шарты институтын насихаттау мен түсіндіру мәселелері де талқыланды.

Дөңгелек үстелге сот саласының мамандары мен мекеме басшылары және ауыл әкімдері мен өзге де сала қызметкерлері қатысты.
Төрағалық етуші спикер, судья Е.Абдраманов жаңадан қабылданған кодекс жайлы және 2019-2020 жылғы азаматтық істер бойынша, оның ішінде қайтыс болу фактісі туралы Қазақстан Республикасының АПК-де көзделген заңнамалық нормалардың сақталмауы бойынша айтып өтті.
Судья А.Кененбаева әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетінін, Кодекс Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтінін жеткізді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік және әкімшілік-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылатынын түсіндірді.
Сонымен қатар, судья осы Кодексте реттелетін қатынастар, яғни Әкімшілік рәсімдердің және Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттарына да тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша судья А.Дәуренбеков жан жақты талдау жасады.
— Кентау қалалық сотына 2020 жылы қайтыс болу фактісін анықтау туралы 33 арыз түсіп, оның 30 қанағаттандырылып шешім шығарылған. Қазіргі таңда қайтыс болу туралы куәлік ала алмай жүрген халық әуре сарсаңға түсіп жүр.
Қайтыс болу фактісі бойынша азаматтарды әуре сарсаңға түсірмей медициналық ұйым өз тарапынан берілетін анықтаманың мерзімін ұзартып, оны халық арасында насихаттап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет, — деді судья.
Кентау қалалық емхана басшысының орынбасары А.Андабаева тұрғындар туысының қайтыс болғаны туралы анықтаманы 3 күннің ішінде алу қажет екенін, қазіргі таңда кәрілікпен қайтыс болды деген диагноз қойылматынын, қайтыс болған адам созылмалы аурумен ауыратын жағдайда тіркелген участке дәрігері диагнозы негізінде анықтама берілетіндігін жеткізді.
— Қазіргі таңда салмағы 500 грамм болып туылған баладан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды міндетті түрде мәйітханаға жолдап, онда не себептен қайтыс болғанын анықтаймыз. Осы секілді барлық қайтыс болған адамды сараптамадан өткізсе, куәлік алуда, оданда басқа мәселелерді шешу барысында қиындық туындамайды. Мәйітханаға сараптама жүргізгені үшін ешқандай қаражат төленбейді, барлық процесс мемлекет тарапынан жүргізіледі, — деді.
Аталған мәселелер бойынша қайтыс болу туралы куәлік алуға қиындық туғызып отырған біршама мәселелер талқыланып, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек екені ескертілді.
Неке шарты бойынша айтқан судья А.Дәуренбеков кәмелет жасына толған немесе ортақ балалары жоқ екі тараптың заңды некені бұзуы бойынша түсіндірме жүргізді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 28 тарауы 240 бабына өзгерістер енгізу ұсынылды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға сала мамандары толыққанды жауаптар берді.

Previous Post

Басшылар екпе салдыруды бастады

Next Post

Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz