gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жас күйшілер сайысы өтті

8 апреля, 2021
in Мәдениет
0
Жас күйшілер сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақтың қара домбырасының үні — күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл-әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап және тағы басқа күйшілердің дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары күйші, домбырашылар қаншама десеңізші. Ендеше ата-бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз.
Қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, Кентау оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Құрманғазының ізбасарлары» атты күй сайысы биыл онлайн түрде өткізілді. Сайыстың басты мақсаты — жас ұрпақтың күйге деген сүйіспеншілігін арттыру, халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстануға тәрбиелеу, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу. Сайыста қатысушылар еркін тақырыптағы күйлерді орындады.
Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Әбдуқадір, С.Бәйтереков атындағы балалар саз мектебінің ұстазы А.Қалмаханбет, дәстүрлі әнші, термеші Ш.Махамбетиярова жас күйшілердің орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне назар аударып, жеңімпаздарды анықтады.
Атап айтар болсақ, бас жүлдені Ардақ Бәкір жеңіп алды. І орынды Олжас Төлбасы иеленсе, ІІ орынды Еркебұлан Мұрат мен Алиасқар Шериев қанжығалады. ІІІ орынды Ақжігіт Жұмаш пен Ақерке Қалдыбаева және Әділетхан Әбілхан өзара бөлісті.
Нәзір Орынбасар, Толғанай Идрисқызы, Ерасыл Толисбеков, Нұрдаулет Мұратов, Жұлдыз Айтбай, Олжас Есемхан арнайы номинациялармен марапатталды.
А. Саукимбаева,
Кентау оқушылар үйінің бұқаралық қойылымдар меңгерушісі

Previous Post

Тарихы құнды, болашағы нұрлы Қазақстан

Next Post

Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz