gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда көгаландыру жұмыстары қарқынды жүруде

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Кентауда көгаландыру жұмыстары қарқынды жүруде
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау — жасыл желекті қала! Табиғатының ерекшелігі мен ауа райының қолайлығы жағынан дараланып тұратын Кентауда көгалдандыру жұмыстары басталды. Көктем айы басталып, күн жылынғалы қала аумағында ағаш көшеттері, гүлдері, көгалдарды (газон) отырғызатын орындарды даярлау, отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, қаланың орталық көшелеріне 2000 түп ағаш көшеттері мен 100000 түп бұталарды (кустарник) және Жастар саябағына 20000 түп бұталарды отырғызылуда. Қала әкімі Д.Махажановтың тапсырмасына сәйкес, көгалдандыру жұмыстарынан кейін қала аумағындағы барлық көкжелектерді күтіп ұстау бойынша жұмыстары жүзеге асырылмақ.
Ағымдағы жылы екі мезгіл, яғни көктем және күз айларында қала аумағындағы демалу орындықтарын бояу жұмыстары атқарылмақ. Ал жылдың қараша-желтоқсан айларында ағаштарды қырқу және жасарту жұмыстары жүргізіледі.
Мамыр айында С.Қожанов атындағы саябағыда орналасқан Азалы ана монументін кіші жөндеу жұмыстары және субұрқақтарды (фонтан) ағымдағы жөндеуден өткізілмек.
Тамыз-қыркүйек айларында 17000 ш.м. көгалдарды (газон) егу жұмыстары атқарылады.
Айта кетейік, саябақтарда атқарылатын жұмыстар жыл соңына дейін созылады. Атап айтқанда саябақ аумағын таза ұстау, ретке келтіру, қураған ағаштарды қырқу және демалу орындықтарын ретке келтіру.
Сонымен қатар, қаладағы саябақтар мен гүлзарларда отырғызылған әрбір көшеттің көгеріп өсуі үшін, ағын суды үнемдеу және аптап ыстықтарда су тапшылығын болдырмау мақсатында тамшылатып суғару әдісін жүзеге асыру қолға алынбақ.

Previous Post

Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан

Next Post

Жолдардың сапалы салынуын «Nur Otan» партиясының бақылауға алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz