gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұротандықтар игі істерге ұйытқы болуда

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Нұротандықтар игі істерге ұйытқы болуда
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының «Трансформатор» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиныны өтті.
Оған «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, бастауыш партия ұйымының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның басқарма төрағасы Х.Қожабаев және бастауыш партия ұйымының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы бастауыш партия ұйымының төрағасы Х.Қожабаев баяндады.
— Қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің белсенді жұмыстарының нәтижесінде партия мүшелерінің қатары сандық жағынан емес сапалық жағынан толығып, нығаюда, — деді Хайрулла Бәйділдаұлы.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық партия филиалының «Кентау Трансформатор Зауыты» бастауыш партия ұйымының қатарына 2020 жылы 415 адам партия мүшесіне жаңадан қабылданды.
Қазіргі таңда КТЗ бастауыш партия ұйымында 700-ден аса партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымында бірнеше рет «Nur Otan» партиясының мүшелерімен, еңбеккерлерімен, Кентау политехникалық колледжінің ұжымымен кездесулер өтті.
Кәсіпорын «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесіне қатысып көптеген жұмыссыз азаматтарды, жас мамандарды тұрақты жұмысқа қабылдады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар, отбасы жағдайы төмен азаматтар да бар.
Сонымен бірге осы аралықта бастауыш партия ұйымы партиялық басылымдарға жазылу науқанында, жарна төлеуде, еліміздегі саяси науқанында белсенді қатысып отыр.
2020 жылы бастауыш партия ұйымының бастауымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында зейнеткерлерге 820000 тенге бөлінді, әр зейнеткерге 5000 тенгеден 164 зейнеткерге берілді.
— КТЗ бастауыш партия ұйымының топтары Кентау политехникалық колледжі, №7 колледж бір-бірімен тығыз жұмыс жасауда. №7 колледжінің 2019-2020 жылдар аралығында электрмен дәнекерлеуші, токарь, аспазшы мамандықтары бойынша бітірген түлектері КТЗ-на тұрақты жұмысқа орналасты. Кентау политехникалық колледжінің 100-ден аса бітіруші түлектерін тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал еттік. Зауыттың бастауыш партия ұйымының қатысуымен зауыт қызметкерлерінің отбасы жағдайына байланысты талап-тілек , өтініштері бойынша 5 отбасына 200000 тенгеден көмек көрсетілді. Барлық сомасы 1000000 тенге, — деді Х.Қожабаев.
БПҰ-ның жиналысында «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков сөз алып, сайлаушылар алдындағы уәделерді толық орындау, Жол картасын жүзеге асыру — басты міндет екендігін, бұл бағыттағы жұмыстардың атқарылуы ұдайы бақылауда болатындығын жеткізді.
Жиында БПҰ төрағасы мен орынбасары, сондай-ақ бюро мүшелері сайланды. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының конференциясына делегаттар анықталып, партия мүшелерінің даусымен нақтыланды.

Previous Post

Сауран ауданының мәслихат депутаттары жасақталды

Next Post

Олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz