Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін «Ашық есік күнін» өткізді.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі мен үй салуға жер телімін сұрады. Бірнеше тұрғын әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарын қойса, жалғыз басты ана жаңа су құбырын есік алдына дейін орнатып беруді өтінді.
Барлық арыз-өтінішті мұқият тыңдаған қала әкімі заң аясында жауап берді. Бірқатар өтініштер сол мезетте шешімін тапты.

Сонымен қатар, қабылдауда өзге де мәселелер талқыланды. Дәурен Сабит-ұлы түскі үзіліссіз өткізген қабылдауында әрбір сала басшысына айтылған мәселелердің қысқа мерзімде шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.
Қырықтан астам тұрғынды қабылдаған қала әкімі «Ашық есік күні» алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.



