gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Барлық салада өсім бар

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Барлық салада өсім бар
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың І тоқсанының қорытындысымен Кентау қаласында жалпы өнім көлемі 18,1 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,6% артқан. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев айтып өтті.
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 5713,4 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4% құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 15560,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылдың І тоқсанының қорытындысымен 2741,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге өсті.
«Ауыл — Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен жалпы 16 нысанға 2021 жылға бөлінген қаржы 306,2 млн.теңге. Аталған бағдарлама аясында Бабайқорған ауылдық округінің 7 көшесін, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінің 6 көшесін, Хантағы ауылының 3 көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2021 жылдың І тоқсанында 4 азаматқа көтерме жәрдемақы көлемінде жалпы 1166,8 мың теңге төленді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2021 жылы Кентау қаласы Қаратау ықшамауданында инженерлік инфрақұрылым салу құрылысына облыстық бюджеттен 29,1 млн.теңге, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысына 350,0 млн.теңге бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында халықтың еліміздегі әртүрлі деңгейдегі бюджеттің атқарылуы жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі бар, — деді Илхам Азизбаев.

Previous Post

Қала әкімі 40-тан астам тұрғынды қабылдады

Next Post

Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz