gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты

20 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Оtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева Кентауда жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қала тұрғыны Әсемкүл Оразымбетова 1993 жылғы ұлы Қуаныш Утеулиев туылғаннан бастап, денсаулығына байланысты өздігінен жүріп-тұра алмайтындығынан қол арбаға зәру екендігін айтып келген болатын. Облыстық маслихат депутаты Қалыйма Жантөреқызы, партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобаларын түсіндіре келе, аталған мәселе партияның назарынан тыс қалмайтындығын жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдаудан соң, Әсемкүл Оразымбетованың шаңырағына барып, өз демеушілігімен қазіргі заман талабына сай, еуропалық үлгідегі көшеде және үй ішінде жүретін қол арбаны табыстады. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асқан депутатқа қала тұрғыны ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Сондай-ақ, қабылдауға келген Нұргүл Буланбай Кентау қалалық орталық ауруханасына, Анеля Абдикаримова мен Салтанат Наурузбаева «Жасыл Кентау» мекемесіне жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 айға ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.
Оранғай ауылының тұрғыны Гүлнара Ибадуллаева және ауыл тұрғындары Оранғай ауылына 150 орындық мектеп салу қажеттігін жеткізді.
Аталған тұрғындардың өтініштеріне облыстық маслихат депутаты Қалыйма Жантөреқызы ҚР Заңдылыңына сәйкес тиісті жауап беріп, қадағалауға алатынын айтты.
Кентау қаласының тұрғыны Ақжарқын Омарова отбасылық жағдайын айтып, ағаш отынмен қамтамасыз етуге көмек сұраған болатын. Тұрғынның отбасылық жағдайын ескеріп, өтініші қанағаттандырылды.
Депутат қабылдауына келген Байылдыр ауылының тұрғыны Ақжарқын Бакилбекова Байылдыр мен Кентау қаласы арасындағы қоғамдық көліктердің демалыс күндері тұрақты жүргізуге ықпал етуін сұрады. Ауыл тұрғынының өтінішіне сай, Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне нақты тапсырма беріліп, оң шешілетіндігі хабарланды.

Previous Post

Барлық салада өсім бар

Next Post

Кітап - рухани сарқылмас қазына

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz