gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Балғын балалар — біздің болашағымыз

11 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық балаларды қорғау күні барлық елде 1950 жылдан бері аталып өтіп келеді. Басты мақсат — балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасау арқылы болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
Атаулы күнге арналған іс-шаралар Кентау қаласында да жоғары деңгейде өтті.
Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Балғын балалар — біздің болашағымыз» атты акция ұйымдастырды.

Кеңес төрайымы Маржан Кривенцова және мүшелері Роза Аяпбергенова, Дильдар Хабибова, Ұлбала Мұсаханова, Мақпал Абишева, Ұлболсын Салмаханова «Жүректен жүрекке» акция аясында 6 көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға тәттілер сыйлады.
Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бегзат Хабибовтың бастамасымен Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы жастар ұйымының жетекшісі Дастон Абдалиев балаларға 800 балмұздақ таратып, 50 балақайға сыйлықтар үлестірді.

Ал, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 10 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Менің сүйікті кейіпкерлерім» атты тақырыпта жазғы мектепке келетін оқушылар арасында сурет салу байқауы өтті. Жеткіншектер өздерінің жақсы көретін кейіпкерлерінің бейнелерін ақ қағазға түсірді. Мектеп директоры Г.Қадырова, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Н.Кузенбаева, М.Ерназарова үздік сурет иелерін құттықтап, оқушыларға алғыс хаттар тапсырды.

Previous Post

«Жұлдызға қадам» кентаулықтардың жұлдызын жандырды

Next Post

Почтили память невинных жертв

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz