gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

3 сентября, 2021
in Білім
0
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде тосыннан келген індетке байланысты өткен оқу жылында қашықтан оқыту қолға алынды. Осы тұста жаңа жүйенің біршама тиімділігін де сезіндік.
Қашықтан оқытудың тиімділігі – сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
26 тамыз күні қашықтан оқыту мен онлайн оқытудың ерекшелігін, тиімді-тиімсіз жақтарын анықтау мақсатында «Кәсіби құзыреттілік және педагогтің кәсібилігі: мәні, ерекшеліктері, біріккен байланыстары» тақырыбында Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты қазақ тілі мен әдебиеті, өзбек тілі мен әдебиеті бірлестіктерінің тамыз педагогикалық кеңесі ZOOM платформасында өтті.
Тамыз педагогикалық кеңесіне адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері, шығармашылық топ мүшелері, бірлестік жетекшілері және мұғалімдер қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова өткен оқу жылына талдау жасап, жаңа оқу жылының әдістемелік нұсқау хатының ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
Кеңесте 12 мұғалім баяндамаларын оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік мәселесін ерекше қарастырады.
Педагогтің арнайы құзыреттілігі — кәсіби қызметті жеткілікті деңгейде жоғары деңгейде игеру, кәсіби дамуды жобалау. Педагогтің әлеуметтік құзыреттілігі өз кәсіби еңбегінің нәтижесін қабылдау.
Педагогикалық кеңестің соңында қаламыздың жаңашыл ұстаздары Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Облыс әкімі мен білім басқармасының алғыс хаттарымен, қала әкімі, қалалық мәслихат және қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қашықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда педагог ұстаздардың біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсібилігі жоғары деңгейде болуы өте маңызды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
шығармашылық топ мүшелері

Previous Post

Мемлекеттік кірістер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Next Post

Сауран ауданы логотипіне байқау жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz