Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауынан әр қазақстандық жақсы жаңалықтар, үлкен үміт күтетіні сөзсіз.
Президентіміздің қазақстандықтарға жолдаған биылғы Жолдауы жақсы жаңалықтармен толығып, жаңа мақсаттар мен міндеттер жүктеді.
Мемлекет басшысы білім мен медицина саласына, елдің экономикасы мен экологиясына айрықша мән берді. Жастарға қолжетімді сапалы білім беруге, денсаулыққа, баспана, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігіне аса көңіл бөлді.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауын Түркістан облысының медицина қызметкерлері тікелей эфирде тамашалап, Жолдаудағы көтерілген бастамаларды үлкен ықыласпен тыңдады және облысымыздың медицина қызметкерлері Президенттің жолдауын толығымен қолдау білдірді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда медицина саласына қомақты қаражат бөліп, оны инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етуге жұмсау қажеттігін айтып, медицина саласының қарқынды дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Мемлекет басшысы коронавирус індетінен елімізді құтқарудың бірден-бір жолы ол жаппай вакцинациялау екенін атап өтті. Осы мақсатта Түркістан облысында вакцинациялау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі» жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
«Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық Медиа — жоспары» дайындалып, барлық медициналық ұйымдарында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Түркістан облысы коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны бойынша Республикада жоғары деңгейде.
Осыған орай облысымыздың пандемия кезінде ұзақ уақыт жасыл аймақта болуының басты себебі — облысымызда ұйымдастырылған вакцинацияның қарқынды жүруі және алдын алу шараларының жүйелі болуын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, облыс бойынша 14 ПТР зертханалары, 2600 инфекциялық және 300 карантиндік, 320 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылуы өзінің оң нәтижесін берді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда пандемия кезінде жоспарлы скринингтермен, ота жасау кейінге қалып жатқанын, бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаларға салынбай қалып жатқанын атап өтті. Осы бойынша облысымызда тиісті шаралар қолға алынып, жұмыс қарқыны артатын болады.
Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Осы орайда халықтың спортпен шұғылдануына жағдай жасалынып, барлық жерде спорт инфрақұрылымын салуды тапсырғаны көңіл қуантады. «Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде» деп айтқандай спортпен шұғылдану барлық азаматтың денсаулығының жақсы болуының кепілі.
Президентімізбен бірге кез келген қиындықты еңсеріп, жеңуге дайынбыз. Бірлігіміз бекемделіп ел үшін қызмет ету азаматтық борышымыз!
Асылбек Утебаев,
Кентау қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары,
қалалық мәслихат депутаты