gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАҢА БУЫНҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

10 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
ЖАҢА  БУЫНҒА  ЖАҢА  МҮМКІНДІК
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне екенші іріктеу кезеңі басталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған іріктеуге, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.
Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35жастан аспаған,жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар,сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.
Резервке алу үшін үміткерлер келесі жүйелі кезеңдерден өтуі қажет,атап айтқанда:
• күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (ең көп балл жинаған кандитаттардың 50%-ы)
• тестілеуді верификациялау (1000 кандидаттан артық емес)
• ситуациялық тапсырмаларды шешу (500 кандидаттан артық емес)
• құзыретті бағалау ассессмент орталық (250 кандидаттан артық емес)
• құзыреттерді бағалау құзыреттер бойынша сұхбат (125 кандидаттан артық емес)
• сарапшылық комиссияда әңгімелесу (100 кандидаттан артық емес)
• Қазақстан Республикасы Президенттің жанындағы Жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы (65 кандидаттан артық емес)
• Резервке (50 кандидатты қабылдау)

Көптеген кезеңдер онлайн режимінде өтеді.
Құжаттарды қабылдау 1 – 30 қыркүйек аралығында арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР
АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

Previous Post

Жолдау жаңа міндеттер жүктеді

Next Post

ТАҒАЙЫНДАУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz