Кентау қаласы әкімі Дәурен Махажановтың өкімімен Искаков Қуаныш Ғалымжанұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қуаныш Ғалымжанұлы 1984 жылы наурыз айының 31-не Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қаржы және несие, 2015 жылы Мирас университетінің құқықтану мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолында Шымкент қалалық қаржы бөлімінің бас маманы, ОҚО мәдениет басқармасының қаржы-жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, «Халықаралық Абай клубы» ЖШС-ның бас есепшісі, Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, Шымкент қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, Шымкент қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК директорының экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары, Шымкент қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, «KZ-Фармация» ЖШС-ның қаржы директоры, Ордабасы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, «Shymkent ӘКК» АҚ-ы бюджеттік жоспарлау және қаржылық талдау департаментінің менеджері және инвесторлар және қатысушылармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, Кентау қалалық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.