gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда үш «айфон-12» телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

20 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің сауда-саттық үйіне белгісіз біреулер түнгі уақытта кіріп, 3 бірдей «Айфон 12» ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары хабар алысымен жолға шықты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікті ретінде танылған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары орта жастағы күдікті азаматты ПБ-ға жеткізіп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында тергеу амалдарын жүргізді.
Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленушінің қол астындағы жұмыскері болып шықты. Жәбірленуші азамат ұялы телефондарды өз жұмысшысына сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған телефондарды өз пайдасы үшін жымқырып, ізін суытқан. Сондай-ақ күдікті қолды еткен ұялы телефонды арзан бағада сатып үлгерген. Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 500 000 теңге. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға сенбеуді ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Previous Post

«Атқарылған жұмыс көп, алда үлкен міндеттер тұр»

Next Post

Хабарландыру!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz