gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Елдіктің жеті тұғыры» — болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия!

7 декабря, 2021
in Қоғам
0
«Елдіктің жеті тұғыры» — болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия!
Share on FacebookShare on Twitter

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясы саяси кеңесінің отырысында «Мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір — бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. “Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар”-деген Елбасы әрбі тұғырға жеке жеке тоқталып өтті. Бірінші. Тәуелсіздік – кез — келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.
Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті. Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы. Үшінші. Жер – ата — баба мұрасы, халық қазынасы. Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Төртінші. Отбасы мен салт — дәстүр – қоғамның алтын діңгегі. Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл — аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады. Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.
Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Болмысы ерекше, рухани — мәдени мұраларға бай халықпыз. Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек.
Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге тырысуымыз керек. “Елдің ең ірі саяси партиясы ретінде «Nur Otan» осы бағытта атқарылар істердің алдыңғы шебінде болуы керек. Осындай игі жұмыстың басы — қасында жүру – билеуші партияның ұзақмерзімді көшбасшылық кепілі”- деді Елбасы. Елбасының бір — бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. «Елдіктің жеті тұғыры» — бұл болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия.
Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихат хатшысы,
«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Previous Post

"Nur Otan" партиясының Ардагерлерді ардақтайық жобасы аясында Канвассинг кездесу өтті

Next Post

Канвассинг - кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz