gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Канвассинг — кездесу өтті

14 декабря, 2021
in Қоғам
0
Канвассинг — кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Канвассинг — кездесу
«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі, Кентау Экскаватор зауыты ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Нұрлан Қалымбетовпен кездесті.
Нұрлан Спанұлы Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектептің түлегі. Өскемен қаласындағы Жол құрылыс институтының «Жол құрылыс машиналар және жабдықтары» факультетін бітіріп, «Инженер механик» мамандығын меңгерді. Кейін арнайы жолдамамен Кентау қаласына келіп, Экскаватор зауытында еңбек етті. Бас механик, инженер инструктор, бөлім басшысы, цех бастығы, бас инженердің орынбасары, зауыттың бас менеджері, техникалық директоры болып абыройлы қызметімен көрінді. Көп жылғы еңбегіне орай Нұрлан Спанұлы «Қазақстанға еңбегі сіңген машина жасаушы» атағын алды. Бүгінде қалалық ардагерлер ұйымының төралқа мүшесі, Кентау Экскаватор зауыты ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласып келеді.
Кездесуде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы бойынша кең көлемді сұхбат жүргізілді. Талғат Рахымұлы қаланың болашақ даму жоспарымен таныстырды. Қаладағы экскаватор зауытында көп жылдар бойы қызмет еткен Нұрлан Қалымбетов қаладан өндіріс орындарын ашу, жұмыссыздықты жою жайы бойынша біршама мәселелерді сөз етті. Сонымен қатар, көшбасшы партия қолға алған жұмыстарға қолдауын білдірді.
Кездесуде жастар тәрбиесі, руханият, халықтың әлеуметтік жағдайды арттыру бағытында орамды ойларды ортаға салды.

Previous Post

«Елдіктің жеті тұғыры» - болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия!

Next Post

"Құрметті азаматты" еске алуға арналған турнир өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz