Биыл Түркістан облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 683 жол жөнделді. Оның 79 -ы жергілікті, 52-сі облыстық, 27-сі аудандық маңызы бар жолдар болса, 604-і елдімекен көшелері. Осылайша 2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға артпақ.
Ал 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.
Жыл соңына дейін Түркістан қаласы Әуежайға баратын автомобиль жолы, Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар, Арыс-Шардара бағыттарындағы жолдарды пайдалануға беру және Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын кедір-бұдырын өңдеу жұмыстарын аяқталмақ. Құрылыс жұмыстарының сапасын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қадағалайды.
Жөндеуден өтіп жатқан нысандардағы атқарылған жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасына зерттеу жүргізу мақсатында 2021 жылы «Ұлттық жол сапасы орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалы мен басқарма және аудан, қала әкімдіктері арасында 157,2 млн.теңгеге шарт түзілген.
Сонымен қатар, сапаны бақылау бойынша сапаны арттыру жауапкершілікті күшейту үшін жобалау және құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандар бойынша үлгілік шарттарға қосымша міндеттемелер енгізілді. Атап айтқанда, құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мердігерлік шартқа жауапкершілігін арттыру бойынша 25 тармақ, техникалық қадағалаушы мекеменің жауапкершілігін арттыру бойынша 18 тармақ, авторлық қадағалаушы мекеменің жауапкершілігін арттыру бойынша 13 тармақ, жобалаушы мекеменің жауапкершілігін арттыру бойынша 13 тармақтан тұратын міндеттемелер енгізілген.