gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кентаулықтар жоғары деңгейде атап өтті

18 декабря, 2021
in Жаңалықтар
0
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кентаулықтар жоғары деңгейде атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кентаулықтар жоғары деңгейде атап өтті», -деп хабарлайды kentauinfo.kz тілшісі.
Салтанатты шарада қала әкімі Дәурен Махажанов қала жұртшылығын мерекемен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің тағы бір тамаша жетістігі — Елбасы Жарлығымен Түркістан облысының қайта құрылып, рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесі берілуі. Күллі түркі әлеміне қуаныш силаған жаңалық Кентауға да жаңа леп берді» деді Дәурен Махажанов.

Салтанатты шарада Кентау қаласының өсіп-өркендеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ардагерлер мен қоғам белсенділері «Шапағат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медальімен, «Тәуелсіздікке 30 жыл» мерекелік төс белгісімен және облыс, қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Одан бөлек, бірқатар азаматтарға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» берілді.
Дәл осындай құрметті қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиевте көрсетті. Тәуелсіздік жылдары Кентау қаласы да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілді. Жаңа аймақтар құрылып, ауылдардың әлеуеті артты. Қаланың жаңа бас жоспары әзірленуде. Жолдар салынып, ескірген үйлерге жаңарту жұмыстары жүргізіліп, балаларға заманауи ойын алаңшалар салынды. Жастарымыз әлемнің озық оқу орындарында білім алу үшін, білім ордалары жаңарып, жаңғырды.

Салтанатты шара Тәуелсіздігімізге арналған концерттік бағдарламамен ұласты.

Previous Post

Next Post

Түркістан облысында жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 683 жол жөнделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz