gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Nur Otan ауыл әкімдерінің сайлауында округтердің 87,5% жеңіске жетті

22 декабря, 2021
in Қоғам
0
Nur Otan ауыл әкімдерінің сайлауында округтердің 87,5% жеңіске жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша биыл «Nur Otan» партиясының мүшелері округтердің 87,5% — ында жеңіске жетті. Өңірлік конференцияларда партиядан ұсынылған 670 кандидат, сондай — ақ 87 өзін — өзі ұсынған нұротандық әкім болып сайланды. Жеңіске жеткен нұротандықтардың 47% -ы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер бар. Орташа жасы – 46 жас. Әйелдер – 10%, 35 жасқа дейінгі жастар саны – 18%. Көпшілігі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияішілік праймериздің қатысушылары. «2021 жылғы 25 шілдеде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша өткен ауыл әкімдерін тікелей сайлау партиялардың жергілікті жерлерде халықпен қоян — қолтық жұмыс істеуіне жүйелі серпін берді. Бәсекелі күрес нәтижесінде нұротандықтар сайлау округтерінің басым көпшілігінде жеңіске жетті. Сонымен бірге, өзін — өзі ұсынғандар және басқа 5 партияның өкілдері де әкім болып сайланды. Осылайша, барлық деңгейлерде пропорционалды сайлау жүйесіне көшу партиялардың институционалдық маңызы мен рөлін нығайтты. Кең тұрғыдан алғанда, бұл сайлау азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуын жандандыруға, сондай — ақ есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған, Елбасы ұсынған 5 институционалды реформаның нақты іске асырылуын растады», — деп атап өтті билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұған дейінгі өзінің «Партиялық жүйе – мемлекеттіліктің институционалдық тірегі» атты мақаласында. Еске сала кетейік, биыл ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 864 ауылдық округте өтті. Оның ішінде 730 әкім 25 шілдеде, тағы 134 әкім тамыз – желтоқсан айлары аралығында сайланды.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық партиясы, «Adal», «Ауыл» және Жалпыұлттық социал — демократиялық партияларының кандидаттары ауылдық округтердің 8,5%- ында жеңіске жетті. Ауылдық округтердің 4%- ында бірде — бір партияның өкілі болып табылмайтын өзін — өзі ұсынған үміткерлер сайланды. «Nur Otan» партиясының барлық кандидаттары партияның Саяси менеджмент мектебі базасында семинарлардан өтіп, қажетті ұйымдастырушылық, әдіснамалық және басқа да қолдаумен қамтамасыз етілді. Әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы бар, ол партияның қолдауымен аумақтардың мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Талғат Балабиев,
Қалалық мәслихат хатшысы
«Nur Otan» партиясының мүшесі

Previous Post

Кентауда рәміздер алаңы салынып жатыр

Next Post

Әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасамақ болған күдікті ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz