gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

«Мардымсыз жылуға төлемақы талап етілмесін»

кентаулық көп қабатты үй тұрғындарының уәжі осылай

5 февраля, 2022
in Басты жаңалық
0
Тойханалар мен базарлар орталық жылу жүйесінен ажыратылады
Share on FacebookShare on Twitter

Жылу жайы Кентауда қалыпқа келмей жатыр. Жиі-жиі шағымданып жатқан тұрғындар мардымсыз жылудан үйлерінің толық жылымай жатқандықтарын жеткізуде. Тіпті, бұл мәселе кешегі күні республикалық телеарналардан да көрсетілді. Ал, қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында жылуға жауапты мамандар шағымның неге көбейіп кеткендігін түсіндірді.
25-ші қаңтар күні Түркістан облысы бойынша бір мезетте жарықтың сөнуі салдарынан №5 Жылу орталығының жұмысы да 3 сағатқа тоқтаған болатын. Нәтижесінде жылу құбырларында ауа қалып, бірқатар көп қабатты үйлерге жылу мардымсыз берілуде.
«Қалада ең алдымен, көп қабатты тұрғын үйлердің жылуын қалыпқа келтіруге басымдық беріліп жатыр. Сол үшін мамандар әр кварталда күндізгі уақытта 2 сағат көлемінде жылуды өшіріп, ауаны кетіру жұмыстарын атқаруда. Ол жұмыстар кемі 2-3 күнді алады. Апта соңына дейін барлық көп қабатты үйлердің жылулары қалыпқа келетін болады» — деді орталық директорының орынбасары А.Төлеу.
Сонымен қатар, қосымша жылуға қосылған коммерциялық нысандарды жылудан ажырату жұмыстары жүргізілмек. Себебі, Кентау қалалық №5 Жылу орталығы барлығын қамтуға күші жетпейді. Ал, жылу орталығының басты мақсаты қаладағы 348 көпқабатты үйлерді жылумен қамту.
Әлеуметтік желілерде пікір білдірушілер жылудың жоқтығын айтып, мардымсыз берілген жылуға толық төлемақы талап етпеу керектігін айтуда. Мәселен, фейсбук әлеуметтік желісінде Ақнұр Нұрымбетова есімді тұрғын жылудың жоқтығын үйге келіп тексерсін деп жазды.
«Жылуды дұрыстап беруін талап етеміз. Болмаса халықтан жылудың ақшасын талап етпесін. 27-нен бері қонырау шалудамын, «міне барады» деп өтірік әңгімелерін айтып отыра береді. Үйіме келсін, көрсін деп те айттым, келмеді сол күйі» — деп жазды.
Ал, Нұрлан Қалымбет есімді тұрғын ЖЭО неге автономды режимде жұмыс істемейтіндігін сұрады.
«Электр энергиясы өшсе осындай жағдайдан қашып құтыла алмайтындарыңды түсінетін уақыт жетті ғой» — деп жазды ол.

Previous Post

Объявление

Next Post

Коммуналдық салаға кім басшы болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz