gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Коммуналдық салаға кім басшы болады?

14 февраля, 2022
in Басты жаңалық
0
Коммуналдық салаға кім басшы болады?
Share on FacebookShare on Twitter

Коммуналдық сала Кентаудағы ең өзекті мәселенің бірі. Жылудың жыры, қоқыс жайы, көше тазалығы мен кәріз жүйесі күн тәртінде күнделікті көтеріліп отырады. Одан бөлек, мезгіл сайын мәселе болатын жолдарды қардан тазартып, құм себу жұмыстары да осы бөлімге тікелей тиеселі. Сондықтан болар, бүгінде бұл сала Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі деп аталды.
Білуімізше қазіргі кезде аталған бөлім басшылығының орны бос тұр. Ресми түрде ешкім тағайындалған жоқ. Ал, басшының міндетін Қанат Қозбағаров атқарып келеді. Сондықтан ел ішінде «коммуналдық салаға кім басшы болады?» деген сауал қызу талқыланып жатыр.
Көпшіліктің пікіріне құлақ түрсек, басшының міндетін атқарып жүрген Қанат Қозбағаров бірінші кандидат секілді. Мемлекеттік сатып алу саласында «мықтылығымен» танылған Қанат Джадыраұлы коммуналдық салаға келгеніне көп бола қойған жоқ. Сондықтан бұл саладағы тәжірибесінің аздығы басшылыққа келуіне кедергі болуы да мүмкін.
Көпшілік бұған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Арман Басаров «келеді екен» деп әңгіме қозғауда. Кентаудағы коммуналдық жүйені «бес саусағындай» білетін білікті маманды жаңа лауазымнан көргісі келетіндер көп. Ал, тағы бір кандидат «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов дейді білетіндер. Бейсен Дүйсенұлы негізі мамандығы коммуналдық саламен тікелей байланысты. Өзі бұдан алдын да тазалыққа жауапты мекемеге басшылық жасаған. Яғни, бұл саладан хабары бар.
Қалалық мәслихат депутаты Мақсұт Гайруллаев та негізгі үміткерлердің бірі болу мүмкін. «Жасыл Кентау» мекемесінде басшылық жасап жүрген Мақсұт Мырзакәрімұлы халықтың жағдайын жақсы түсінетін маман дейді көпшілік. «Nur Otan» партиясының атынан мандатқа ие болған ол қалалық мәслихатта жүріп, ел ішіндегі мәселелермен де етене танысты. Әрі әлеуметітік желі арқылы да белсенділік танытып, халықтың ортасында жүр. Қаланыда жақсы біледі. Жалпы критерилерге қарасақ халық қалаулысының коммуналдық салаға басшы болуына толық мүмкіндігі бар секілді.
Одан бөлек, «Жылу энерго орталығы» бас инженері Әшірхан Төлеу мен «Кентау құрылыс» ЖШС басшысы Талғат Исқақовты да бөлімге басшы етіп тағайындалады деп болжап отырғандарда бар.
Тіпті, халық ішінде «Жаңа басшы Түркістаннан, Шымкенттен, Ордабасыдан келеді екен» деген әңгімелер де айтылып жатыр.
Жалпы орынтақ иесін табар. Бірақтан келген басшының кентаулықтар үшін қаланы толық білетін, жүйені түсінетін болғаны керек-ақ.
Біз осы мәселеге қатысты қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінің де пікірін білдік.

Қабылан Елеусізов,
қалалық мәслихат депутаты

— Кентаудағы жағдайды білетін, түсінетін маман керек. Адал, ешқандай ала жіпті аттамайтын адам қажет. Әрі халықпен етене жұмыс істей алатын, уәжін тыңдап, шағымын шеше алуы тиіс. Бұл орыннан жылу, жарық, жол саласында хабары бар қаланың жанашырын көргіміз келеді. Себебі, қаладағы негізгі мәселе коммуналдық жүйелерден туындап жатады. Сондықтан, мәселені шеше алатын маман керек.

Талғат Әлжанов,
қалалық мәслихат депутаты.

— Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өзі аты айтып тұрғандай ауқымды сала. Бұл Кентаудың үлкен «қан тамырының» бірі. Сондықтан бұл саланың басшылығына таңдау үлкен талаптармен жасалуы қажет. ЖЭО жұмысын, қаланың жолдарын, жылу жүйесін, ауыз су каналдарын, көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайын білетін маман қажет. Ақыл тоқтатқан азаматтың болғанын қалаймыз. Қаланың жанашыры болуы керек.

Мұрат Садуов,
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры

— Коммуналдық салаға келген басшы қала тұрғындарымен біргелікті жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлерімен де үнемі байланыста болып, мәселелерін шешуге қауқарлылық таныта алуы тиіс. Қала тұрғыны ретінде коммуналдық салаға жанашыр жан келгенін қалаймын. Кентаулық болса тіптен жақсы. Себебі, сырттан келген маман, қаладағы жағдаймен танысамын дегенше біршама уақыт өтіп кетеді. Яғни, басшы қаладағы әрбір жолды, көшені, қиылысты, коммуналдық жүйені жетік білуі керек.

 

Қалалық мәслихат депутаттары мен көпшілік тұрғындардың пікірі осылай. Жалпы коммуналдық салаға қандай басшы керек? Мәртебелі оқырман, Сіз не дейсіз? Пікіріңіз болса, газет редакциясына жолдаңыз.

Previous Post

"Мардымсыз жылуға төлемақы талап етілмесін"

Next Post

Қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz