Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында соңғы жылдары біраз өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Жергілікті бюджеттің тай қазанын толтыру мақсатында салық түсімдерінің қосымша кіріс көздерін анықтап оны өндіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұл туралы Кентау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Арман Тлепбаев айтып өтті.
Басқарма басшысының сөзінше жергілікті бюджетке салық түсімдерін мерзімінде және толыққанды қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып қарқынды атқарылып келеді.
— Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2021 жылдың 9 айына атқарылған жұмыстарының қорытындысына тоқталып өтсем. Мемлекеттік бюджет (МКК құзіретіне кіретін түсімдер) бойынша 2021 жылдың 9 айына жеткізілген жоспар 5932486,0 мың теңге болса, нақты түсім 6514717,0 мың теңге орындалуы 109,8% немесе мемлекеттік бюджетке артығымен 582231,0 мың теңгеге түсім болды. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқынын 119,7% құрады – деді Арман Кембайұлы.
Басқарма басшысы мұнан өзгеатқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
— Жергілікті бюджет (МКК құзіретіне кіретін түсімдер) бойынша 2021 жылдың 9 айына жеткізілген жоспар 3450197,0 мың теңге болса, нақты түсім 3523136,0 мың теңге орындалуы 102,1% құрады немесе бюджетке артығымен 72939,0 мың теңгеге түсім болды. Өткен жылмен салыстырғанда 398772,0 мың теңгеге артты немесе өсу қарқыны 112,8% құрады. Республикалық бюджет (МКК құзіретіне кіретін түсімдер) бойынша 2021 жылдың 9 айына жеткізілген жоспар 2936458,0 мың теңге болса, нақты түсім 2991581,0 мың теңге орындалуы 101,9% құрады немесе бюджетке артығымен 55123,0 мың теңгеге түсім болды. Өткен жылмен салыстырғанда 673861,0 мың теңгеге артты немесе өсу қарқыны 129,1% құрады – деді ол.
2021 жылдың 9 айына барлығы 393 әкімшілік істері қаралған, оның ішінде 12 әкімшілік істері бойынша 249655 теңге айыппұл салынып, толық өндірілген.
— 379 қаулы бойынша әкімшілік жаза ретінде «ескерту» қолданылды. 2 қаулы бойынша әкімшілік істері ӘҚБтК-нің 684 бабына сәйкес соттың қарауына жолданды және сотпен қаралды (лицензиясыз алкоголь сатқаны үшін ӘҚБтК 463 бабы 1 тармағымен кінәлі деп танылған). ҚР Салық Кодексінің 93 бабына сәйкес, мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға жататын 3 заңды тұлғаға қатысты талап арыз сотқа жолданды. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 30.09.2021 жылғы №5165-21-00-2/1487 шешіміне сәйкес мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданды — деді Арман Кембайұлы.
2021 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша, Кентау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы орталығында 4623 салық төлеушілерге қызмет көрсетілген.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалынан алынған мәліметке сәйкес, 2018, 2019 және 2020 жылдарға әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, 1172 салық төлеушіден болжамды 375,4 мың теңгеге тиісті салық есептіліктері тапсырылмаған және салықтары төленбегендігі анықталған болатын. Бүгінгі таңғда, жеке тұлғалардың жер салығынан 844 салық төлеушіден жалпы соммасы 244,мың тенге өндіріліпты. Заңды тұлғаларға қатысты 328 салық төлеушіге хабарлама түзіліп, жолданған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 124 салық төлеушіден 526,0 мың теңге қосымша өндірілген.
— Көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай қала аумағында бақылау кассалық машиналар санын көбейтуді жандандыру. Қазіргі таңға тіркелген онлайн БКМ құрылғылар саны 3674 бақылау кассалық машинасы тіркелген. Түркістан облысы бойынша МКД 03.09.2021 жылғы № МКД-14-1-16/10828 санды хатына сәйкес әрекетсіз бақылау кассалық машинасын есептен шығару жұмыстары жүргізілу есебінен, сонымен қатар, Сауран ауданы құрылып, салық төлеушілері ауысуына байланысты БКМ есептегі тіркелген саны азайды. Осыған орай басқарма тарапынан толыққанды тіркету жұмыстары жалғасуда – деді Арман Тлепбаев.