gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Кентаулық 50 жас әскерге аттанды

12 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
Кентаулық 50 жас әскерге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласы, Ынтымақ алаңында жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Оған Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев, қала әкімі Рашид Аюпов, Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов қатысып, бұл азаматтар әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.
Қарулы күштер қатарына мерзімді қызмет өткеру үшін Түркістан облысынан алғашқы топпен 50 бозбала жіберілді. Жас жауынгерлер әскери мамандықты Гвардейск гарнизонында орналасқан ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің оқу орталығында алатын болады. Айта кету керек, бұл жігіттер 6 ай бойы танк, бронетранспортер немесе жауынгерлік көліктің механик-жүргізушісі, артиллериялық және миномет қаруының нысанашысы сияқты әскери мамандықтар бойынша оқудан өтеді. Оқу аяқталғаннан олар әскери бөлімдерге мамандар ретінде жіберіледі.
Салтанатты жиынға әскери ардагерлер, ата-аналар мен қала жастары да қатысып, сәт-сапар тіледі. Арнайы концертік бағдарлама көрсетілді.
Айта кетейік, 22 сәуірде Кентау қаласында жастарды отансүйгіштікке баулитын «Айбын» әскери жаттығу ойындарын, 7 мамырда жастардың шеруін өткізу жоспарлануда. Әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының өзге аумақтарында да жыл бойы ұйымдастырылады.
Previous Post

Кентауда мектеп директорларын ротациялау басталды

Next Post

82 жастағы кентаулық қария ағылшын тілін үйреніп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz