gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

82 жастағы кентаулық қария ағылшын тілін үйреніп жүр

12 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
82 жастағы кентаулық қария ағылшын тілін үйреніп жүр
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының тұрғыны Құрманбек Дайрабай қартайдым деп, қарап отырған жоқ. Күн сайын қолына кітап-дәптерін алып, ағылшын тілін үйреніп жүр. Аптасына үш рет тілдерді оқыту орталығына барып, сабаққа қатысады.

«Тіл үйрену — бүгінгі күннің басты талабы. Егер қызығушылық болса, білім алу жас талғамайды. Үйде немерелерім бір-бірімен ағылшынша сөйлеседі. Оны мен түсінбеймін. Сондықтан, тілге деген қызығушылығым оянды. Әкімдікте тегін үйрететін мекеме де бар екен. Бардым. Алғашқы курсты бітірдім. Қазір үйде немерелеріммен ағылшынша сөйлесетін кездеріміз көп», — дейді қария.

Кентау қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Ақмарал Өтепбаева Құрманбек ақсақалдың үздік тіл үйренуші болғандығын айтады.

«Атамыз сабаққа оффлайн қатысып, ағылшын тілін нөлден бастап үйренді. Қарапайым фразалар мен ережелерді, оқу және жазуды меңгерді. Қазір ағылшынша қойылған сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. Ол кісі тіл үйренушілердің ішіндегі ең белсендісі, тәртіптісі бола білді. Аптасына үш рет болатын сабақтан бірде-бір рет қалған емес», — дейді ол.

Ақсақал «А-1 – beginner» деңгейін толық меңгеріп, сертификат алған. Ағылшын тіліндегі сөздерді құрап оқи алады. Енді келесі кезең бойынша сабақтың басталуын күтіп жүр.

 

Previous Post

Кентаулық 50 жас әскерге аттанды

Next Post

«Amanat»: жол картасы толыққанды орындалуы тиіс

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz