gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті

4 февраля, 2022
in Қоғам
0
Ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, «Nur Otan» партиясының Кентау қалалық мәслихатының депутаты ретінде Кентау қаласы әкімінің орынбасары Байболова Ақнұр ханымның төрағалығымен өткен ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы топ отырысына қатыстым. Отырыста Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдардағы өзгертуді қажет ететін көшелер туралы мәселе қаралды. Онда идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар, қаладағы атауы жоқ нөмірленген көшелердің атауы, Байылдыр ауылындағы нөмірленген тұйық (переулок) көшелердің, Хантағы және Қарнақ ауылы бойынша да қайталанып келетін көше атауларын Ащысай ауылындағы мектеп атауын өзгерту бойынша жұмыстар ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының қызу талқысына түсті. Жұмысшы топтың шешімі қалалық мәслихаттың сессиясында бекітілетін болады. Мәслихаттың тұрақты комиссияларында да, сессияларда да өзімнің тарапымнан үнемі көтеріліп жүрген, көптен бері шешімі табылмай келе жатқан, өзгерісті күтіп жүрген көшелерге қазақтың батырлары мен ақын жазушылардың есімдері ұсынылды.
Қазақ елінің осындай қоғам қайраткерлері, біртуар азаматтарының есімі идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын алмастырса нұр үстіне нұр болады. Бұл келешек ұрпағымыз үшін де үлгі боларлық іс деп ойлаймын.
Талғат Балабиев,
«Nur Otan» партиясынан сайланған Кентау қалалық мәслихатының депутаты

Previous Post

Тұрғын үй жалдау субсидиясына кімдер өтініш бере алады

Next Post

Хабарландыру

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz