gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату

18 февраля, 2022
in Қоғам
0
Реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату
Share on FacebookShare on Twitter

Президенттің сұхбатын толығымен көріп шықтым. Мемлекет басшысы барлық сұрақтарға дипломатиялық тұрғыда жауап берді. Сұхбатта елдің көкейінде жүрген мәселелер кеңінен сөз болды.
«Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес» — деген Президент тиісті өзгерістер болатынын атап өтті. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдайтынын айтты. Жалпы Мемлекет басшысының Жолдауына сай 2020 жылдан бері ауыл әкімдерін сайлауы өтіп келеді. Ал, өткен жылғы Жолдауында «Келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы» болатындығын жеткізген болатын. Бұл жоба 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізілмек. Президент «пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар», — деген ой айтты.
Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады. «Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, сұхбатта «Әділдік» деген сөз бірнеше мәрте айтылды. Қазіргі кезде халықтың іздеп жүргені де осы әділдік, шындық. Ал, Ресей елімен арадағы байланысқа байланысты қоғамдағы сауалдарға Президент нақты әрі кең көлемді жауап берді.
Талғат Балабиев,
«Nur Otan»партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаты

Previous Post

Мәжіліс депутаттары 130-дан астам кездесулер өткізіп, халықтың өтініштерін тыңдайды

Next Post

Кентау қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz