gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған негізгі басымдықтар белгіленді

17 марта, 2022
in Қоғам
0
Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған негізгі басымдықтар белгіленді
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын ел тұрғындарына үлкен үміт сыйлады.
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда елде орын алған оқиғалардың шешімі айтылып, алдағы күнге жоспар жобалар ұсынылды. Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.
Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Бұған кінәлілер лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, лайықты жазасын алатындығын жеткізді.
Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады.
Саяси реформалар бағдарламасында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылған. Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге де қатысты болмақ. Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Егер жұртшылық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, Президент бұл пікірді қолдайтынын жеткізді.
Жолдаудағы бұл жолдар ел халқына үлкен қуаныш сыйлады. Осыдан төрт жыл алдын Түркістан облысы құрылып, жаңа әкімшілік аумаққа үлкен қарқынмен дами бастады. Халықтың да әл ауқаты артып, көне қала жаңа кейіпке енді. Енді алдағы уақытта елімізде құрылатын жаңа облыстарда да құрылыс үлкен қарқын алары ақиқат. Халықтың қолдауына ие болған бастамалар, алдағы уақытта өз жемісін берері сөзсіз.
Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы,
«Amanat» партиясының мүшесі

Previous Post

“Бытовое насилие в Казахстане”

Next Post

Кентаудың көшелеріне 200-ге жуық сергек камерасы орнатылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz