Жыл соңына дейін Кентаудың көшелеріне 200 камера орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов телеграм парақшасында жазды.
«Бүгін Кентау қаласына 4 дана сергек камерасы орнатылды. Жыл соңына дейін 200 камера қою жоспарлануда» — деді ол.
Ал, Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қалады «Қауіпсіз қала» жобасы аясында сергек бейнебақылау камералары қойыла бастағанын хабарлады.
«Облыс орталығы Түркістан қаласына ең жақын орналасқан қала болғандықтан көлік саны да артқан. Ең алдымен, қаланың қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғасының санын азайту» делінген жазбады.
16 наурызда қаланың Яссауи мен Төле би көшелерінің қиылысына, Ынтымақ алаңына сергек камерасы қойылды. Жалпы, қала көшелеріне 20 «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату қажеттті пункттер ұсынылған.