gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Жаңа реформалар елімізді дамудың жаңа кезеңіне бастайды

20 марта, 2022
in Басты жаңалық
0
Жаңа реформалар елімізді дамудың жаңа кезеңіне бастайды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың мемлекетті жаңарту және жаңғырту үшін ұсынған саяси реформалары мақсатына жететіні сөзсіз. Бұл 30 жылдық дамудың берік негізіне негізделген батыл және қол жетімді жол картасы деуге де болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы  ел тұрғындарына үлкен үміт сыйлады.

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда елде орын алған оқиғалардың шешімі айтылып, алдағы күнге жоспар жобалар ұсынылды. Президент жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.

Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін  қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекіту қажеттігін айтты. Олардың мемлекеттік саяси қызметші және квазимемлекеттік секторда басшы лауазымдарын иеленуіне бұдан былай заңнамалық тұрғыдан тыйым салынады.

Қасым — Жомарт Тоқаев халқын жұдырықтай жұмылдыруға күш салып отыр. Ол қазақстандықтар соңғы 30 жыл ішінде мақтан тұтқан Тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін реформалардың қажеттілігін түсінеді. Ол бастаған саяси реформалар осының бәрін сақтауға көмектеседі.

Өңірлік және жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттіктердің, жауапкершіліктің және фискалдық ашықтықтың одан әрі ара жігін ажырату кез келген қазіргі заманғы ел үшін алға бастайтын маңызды қадам екені даусыз. Қуатты өңірлер мен жергілікті билік органдары мықты және ұйымшыл қоғамдастықтар құрады. Қазақстандағы реформалардың жаңа пакеті нақ осы бағытқа бағытталған.

Хайрулла ҚОЖАБАЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депуататы

Previous Post

Кентаудың көшелеріне 200-ге жуық сергек камерасы орнатылады

Next Post

Газ мәселесі 2 айда шешіледі – Рашид Аюпов

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz