gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Түркістан облысындағы тасқын су Сарыағаш ауданының Бағыс ауылын шайып кетті

25 апреля, 2022
in Басты жаңалық, Жаңалықтар
0
Түркістан облысындағы тасқын су Сарыағаш ауданының Бағыс ауылын шайып кетті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тасқын су Сарыағаш ауданының Бағыс ауылын да шайып кеткен. Бұл туралы өңірдің ТЖД мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күні кеше қатты жауын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенін су шайып кеткен болатын. Топан су Сарыағаш ауданының Бағыс ауылында 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыстың ішіне су кіргені анықталып отыр. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне таралды. Сондай-ақ үй жануарлары қырылған, саны анықталуда. Қазір бұл аумақтарда жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
«Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда. Жұмысқа ТЖ Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкер, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда» делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Previous Post

Күшті жел Кентаудағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

Next Post

Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz