gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты

25 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында нөсер жауынның салдарынан бес ауылды су басып, 50 шақты үйге су кірген. 200-дей малдың шығыны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің сарбаздары мен арнайы мекемелер жұмылдырылып, техника тартылған. Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтерінде болған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүріп жатыр.
Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша төтенше жағдай қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізген. Ал, Шанақ елді мекеніне арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылып, ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Су басқан үйлерден су шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді», делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.

Previous Post

Түркістан облысындағы тасқын су Сарыағаш ауданының Бағыс ауылын шайып кетті

Next Post

Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы жағдайға байланысты комиссия құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz