gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы жағдайға байланысты комиссия құрылды

25 апреля, 2022
in Жаңалықтар
0
Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы жағдайға байланысты комиссия құрылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Қазығұрт және Сарыағаш ауданындағы жауын-шашын салдарын жою бойынша арнайы комиссия құрылды,деп хабарлайды «Кентау» ақпарат.
Түркістанда өткен мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев елді мекендерді судан тазартып, тұрғындарға заң аясында көмек көрсетуді тапсырды.
«Қазығұрт пен Сарыағаштағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, шығындар объективті есептелуі тиіс. Мал шығыны бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде өз міндеттерін орындасын. Бұл – жергілікті, аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Біздің жіті назарымызда тұр», – деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Қазығұрттағы 4 елді мекен мен Сарыағаштағы бір елді мекенде жауын-шашын салдарын жою бағытында түнімен жұмыс жүргенін, әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. Анықталғандай, 53 үйдің ауласына, сонымен бірге 18 үй, 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кірген. Төтенше жағдай салдарын жоюға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 56 және жергілікті әкімдіктің 19 қызметкері жұмылдырылған. 15 техника мен 13 мотопомпа жұмыс істеп тұр. «Адам шығыны жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Мал шығыны есептелуде. Жалпы, қауіп-қатер сейілді. Эвакуацияланған 50 тұрғын өз үйлеріне қайтарылды. Жұмыс жалғасып жатыр», – деді департамент бастығы.
Айта кетейік, кеше түнде жауған жаңбырдан Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандарындағы біршама елді мекендерде сел жүріп, үйлер мен аулаларды су басты.

Previous Post

Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты

Next Post

Алматыда сегізінші қабаттан құлап кеткен 4 жасар қыз аман қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz