gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Басты жаңалық

Алматыда сегізінші қабаттан құлап кеткен 4 жасар қыз аман қалды

28 апреля, 2022
in Басты жаңалық
0
Алматыда сегізінші қабаттан құлап кеткен 4 жасар қыз аман қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматылық дәрігерлер тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлаған 4 жасар қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жазатайым оқиға 7 сәуір күні болған. 4 жастағы кішкентай қыз Алматыда тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатынан құлап кеткен.
Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер тексеріп оған қосарланған жарақат деген диагноз қойды.
«Бас-миы соғылып, екі өкпесі жыртылып кеткен. Әсіресе, сол жақ өкпесі қатты зақымданған. Сонымен қатар, өкпе қуысында қан, ауа жиналып қалғаны анықталды. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Операция кезінде біз сол жақ өкпесін тіктік. Кішкентай науқас бес күн жансақтау бөлімінде жатты. Кейін жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырдық. 25 сәуір күні ауруханада үйіне шықты», – деді
Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддинов. Дәрігердің айтуынша, мамандар оның жағдайын күн сайын бақылап отырады. «Періштесі қаққан қыз баланы ата-анасы алдағы уақытта міндетті түрде оңалтудан өткізулері керек»,- деді дәрігер.

Previous Post

Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы жағдайға байланысты комиссия құрылды

Next Post

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz