gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауыл – қазақтың тал бесігі, сондықтан ауылдардың дамып, өркендеуі қашан да өзекті

1 июня, 2022
in Қоғам
0
Ауыл – қазақтың тал бесігі, сондықтан ауылдардың дамып, өркендеуі қашан да өзекті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауыл округі, Сызған ауылы клубында ауыл тұрғындарымен Республикалық референдум бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында, ағымдағы жылдың 5 маусымында Референдумның өтуі жоспарлануда екендігін айта келе, осыған орай облысымызда қоғамдық штаб құрылып, халықты кеңінен хабардар ету мақсатында барлық жерлерде кездесулер өткізіп жатқандығын хабарлап, бұл референдум заңнама түрінде еліміздің алдағы дамуына бағыт-бағдар беретін өзгерістерге әкелетіндігі жөнінде айтылды.
Жергілікті басқарудағы өзгерістер былтырғы жылы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алды. Бұл ретте өз кандидатурасын ауыл тұрғындарының өздері де, өз мүшелерінің арасынан саяси партиялар да ұсына алады. Ауыл әкімдігіне кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталған кезде бір ғана кандидат ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жергілікті қауымдастықпен жиналыстағы келісімі бойынша екі кандидатқа дейін сайлауға қатысуды қамтамасыз ете отырып, кандидаттарды немесе өз кандидатын ұсынуға құқығы бар.
Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлау бар. Ауылдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Облыстардың әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Президенттің сол жердегі өкілі іспеттес. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша бір жағынан халық таңдауы, екінші жағынан Президент арқылы, яғни халық қалаулыларының Мемлекет басшысы ұсынған баламалы кандидатуралардан іріктеп алуы арқылы оларды тағайындау жүзеге асырылатын болады. Сондықтан референдумға қатысу – азаматтық белсенділігі жоғары әр адамның ел алдындағы парызы.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, Конституцияға түзетулер енгізу туралы шешімді қолдайтындығын жеткізді.
«Ауылдарымыз көркейсін десек, референдумға үн қосайық»-деген ұранмен ауыл тұрғындары тарқасты.

Previous Post

Референдум бойынша облыстық штаб мүшелері сызғандық ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Next Post

Мәулен Әшімбаев Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz