gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өткізді

1 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мәулен Әшімбаев Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев іссапармен келіп, зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен кездесті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, саяси науқанды саралады. «Farab» кітапханасында өткен жиында алдағы саяси науқанның мән-маңызы сарапталып, енгізілетін өзгерістердің халыққа берер нақты пайдасы сөз болды.
Алқалы жиында Мәулен Әшімбаев алда келе жатқан саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, референдум арқылы Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Әділетті Қазақстанды құрудың алғышарттарының бірі.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сенат төрағасына Түркістан облысын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Түркістан облысының құрылуы өңірдің дамуына, Түркістан қаласының түрленуіне серпін бергенін атап өтті.
Зиялы қауыммен кездесуде референдуммен бірге саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын зерттеу, жазықсыз жапа шеккендерді ақтау мәселесі де кеңінен талқыланды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткен басқосуда ел тарихындағы қасіретті жылдар жайлы да мағлұмат беріліп, пікір алмасылды. Сенат төрағасы еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылғанын, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. Былтыр Сенат бастамасымен құнды деректерден тұратын 5 томдық ғылыми еңбек жарық көрді. Оған түркістандық ғалымдар да үлес қосқан.
Жүздесуде түркістандық зиялы қауым өкілдері өз ұсыныстарын жеткізді. Сенат төрағасы Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстар назарда болатынын, ұсыныстар ескерілетінін мәлімдеді.

Previous Post

Ауыл – қазақтың тал бесігі, сондықтан ауылдардың дамып, өркендеуі қашан да өзекті

Next Post

Тұрғындар дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты онлайн ала алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz