gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Референдумға қатысу азаматтық міндетің

2 июня, 2022
in Қоғам
0
Референдумға қатысу азаматтық міндетің
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Кемелұлының өзгерістерді халықтың талқысына салуында үлкен мән жатқанын ұғынғанымыз абзал. Бұл дегеніміз алдағы уақытта Қазақстан халқы елдің, жердің, ұлы байтақ Отанның иесі өздері екенін сезінетін, билік өкілдерінің атқарып жатқан істеріне нақты баға бере алатын тұлға ретінде қалыптасуына берілген зор мүмкіндік.
Реформа аясында суперпрезиденттік басқарудан бас тартып, Парламент, сот және атқарушы биліктің тепе-теңдігін сақтау арқылы еліміздің тұрақты дамуына жол ашамыз. Алдағы болатын өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысының туыстары түрлі қызметтерде басшылық жасай алмайды, бұл мәртебеге шектеу қойылады. Осы өзгеріс халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа үмітпен жетелеп отыр.
Сондай-ақ, депутаттарды сайлау, олардың сайлауалды бағдарламасын орындамаған жағдайда мандатын кері қайтарып алу құқығы да халықтың еркіне көшеді. Бұл өз кезегінде халық қөалаулыларының азаматтық ерік жігерін адал міндетін атқаруға жұмауына берілген зор мүмкіндік.
Жергілікті әкімдерді сайлаған мәслихат депутаттары оның қызметіне баға беріп, жылына екі рет атқарған жұмысының және қаржылық есебін алып отырады. Жергілікті биліктің дербестігі артып, өңірдегі мәселелерді тұрғындармен ақылдаса отырып шешетін болады. Бұл процес халықтың көз алдында жария түрде жүретіндіктен, түрлі келеңсіздіктер мен көзжұмбайлықтардың орын алынуына жол берілмейді.
Айта кетерлік тағы бір маңызды өзгеріс Жердің, ондағы байлықтың халықтың қарауына өтуі. Бабадан қалған ұлан ғайыр жер мемлекетің меншігінен өтіп, халықтың құзырына берілді. Ендігі жерде оның қойнында жатқан байлықтың табысы да елдің игілігі үшін жаратылады. Демек, ел мен жердің, ұлт пен ұрпақтың болашағына немқұрайлы қарамайтын әрбір азамат референдумға үн қосуға міндетті болмақ.
Аскат Есеналиев,
з.ғ.к. Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі

Previous Post

Біз-референдумға сіздермен бірге барамыз!

Next Post

Халықаралық бақылаушылар референдумға дайындыққа жоғары баға берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz