gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықаралық бақылаушылар референдумға дайындыққа жоғары баға берді

2 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халықаралық бақылаушылар референдумға дайындыққа жоғары баға берді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркия елінен арнайы келген бақылаушылармен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесті. Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған топ 5 маусымдағы референдумның өтуін қадағалайды. Кездесу барысында қос тарап та референдумға дайындық жұмыстарының әділетті әрі ашық өтуіне мүдделі екендерін жеткізді.
Бауырлас екі елге ортақ қарашаңырақ – Түркістанға түркі жұртының ықыласы ерекше екенін айтқан облыс әкімі киелі шаһардың гүлденуіне, оның ертеңіне сенім білдірген түрік инвесторларының өңір экономикасының дамуына үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгеріс енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына сәйкес, халықаралық байқаушы ретінде Қазақ еліне келгеніңізге қуаныштымын. Бұл саяси науқан – тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін береді деп сенемін. Келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды күні қазақстандықтармен бірге болатыныңыз үшін алғыс білдіремін. Жалпы бауырлас Түркияның Түркістанға деген ықыласы ерекше. Көп көмек көрсетіп жатыр. Өңірге бауырлас елдің басшылары, ірі саясаткерлері жиі келіп тұрады. Ірі инвесторлар қалада бірнеше жобаға инвестиция салды. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқарамыз, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесу барысында.
– Қазақстанда маңызды референдум өткелі жатыр. Осы референдумға бақылаушы ретінде шақырылдық. Біз бауырлас мемлекет ретінде саяси науқан кезінде қазақ бауырларымыздың қасынан табылсақ, деген оймен келіп отырмыз. Нұр — Сұлтан қаласында ғана емес, көне Түркістан қаласында да ресми зиярат ретінде әрі бақылаушы ретінде қатысу ниетінде болдық. Орталық сайлау комиссиясының төрағасына алғыс айтқымыз келеді. Өйткені ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Алдағы референдум Қазақ халқына жемісті, табысты жақсы болсын деп тілеймін,– деді Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая.
Қазақстандағы республикалық референдумның өткізілуін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 300-ге өкілі қадағалайтын болады. Шетелдік дипломаттар Түркістан өңіріндегі жалпыұлттық референдумға дайындық барысымен танысып, оң бағалады.
Түркиялық бақылаушылардан құралған топ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен шаһардағы тарихи және туристік нысандарды көрді. Сонымен бірге өңірдегі бірге Арыстан баб кесенесіне де барады деп жоспарланған.
Бүгінде облыста насихаттық жұмыстармен қатар, сайлау учаскелерінің саяси науқанға дайындығы да жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, Түркістан облысы бойынша 900-ден астам сайлау учаскесінде 1,1 миллионнан астам адам дауыс береді.

Previous Post

Референдумға қатысу азаматтық міндетің

Next Post

Мәжіліс депутатының Сарыағаштағы жұмыс сапары жалғасып, ауыл халқымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz