gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайлық кәсіпкер қос отбасыға баспана сыйлады

9 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайлық кәсіпкер қос отбасыға баспана сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Жетісай Ауданы, Ынтымақ ауылдық округінде қайырымдылық шарасы болып өтті. «Еуразия» ЖШС басшысы, меценат кәсіпкер Мадәлі Тәжібаев қос бірдей отбасыға баспана сыйлап, елдің алғысына бөленді. Салтанатты шараға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары А.Тасов, Ынтымақ және Ш.Ділдабеков ауылдық округтерінің әкімдері мен ауыл ақсақалдары, тұрғындары қатысты.
Баспаналы болып, қуанышқа кенеліп отырғандардың бірі – Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Сопбеков. Өзі үшінші топ мүгедегі, жары Мадинаның да денсаулығы жиі сыр береді. Бұған дейін мүгедектікке берілетін зейнетақы мен түрлі жұмыстармен күнелтіп келген отбасы 10 жылға жуық пәтер жалдап тұрып келген.
– Біздің жағдайымызды ескеріп, кеудемізден итермей осылай көмек беріп жатқан азаматтарға, аудан басшысы мен баспана сыйлап отырған кәсіпкер ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Енді біздің де өз үйіміз, перзенттеріміздің өз бөлмелері болады, – дейді қуанышымен бөліскен Мадина Жаныбаева.
Баспаналы болу бақытына ие болған екінші жан, жалғызбасты ана Ұлбосын Құсанованың 4 перзенті бар. Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде күндік жұмыстарға жалданып, нәпақа табады. Табысының біраз бөлігі пәтерақысына кетсе, біразы азық-түліктен артылмай келген.
Аталмыш сауабы мол игі шараның басы-қасында жүрген азаматтардың айтуынша, баспанаға шын мұқтаж отбасыларды анықтауда аудан әкімінің орынбасарлары төрағалық жасайтын комиссия мүшелері жан-жақты талдау жасаған. Ортақ шешіммен осы екі отбасыны лайық деп тапқан.
Меценат кәсіпкер мұндай қайырымдылық шарасының алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін айтады.
– 2010 жылы ауданға келіп, аудан басшыларының қолдауымен осында мақта зауытын салып, кәсібімізді аштық. Содан бері жыл сайын қайырымдылық шараларынан қалыс қалмауға әрекет жасаймыз. Мұқтаж жандарға баспана салып беруді ұйғардық. Баспаналы болған бүлдіршіндердің жүздеріндегі қуаныш біздің ісіміздің дұрыс және ары қарай да тоқтаусыз жалғастыру керек екенін ұғындырды, – дейді «Еуразия» ЖШС басшысы Мадәлі Тәжібаев.

Previous Post

Түркістан облысының аудан, қалаларында кәсіпкерлікті үйрету бойынша семинарлар өтіп жатыр

Next Post

Кентауда жұртшылық әкімдіктің жұмысын тікелей бақылай алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz