gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жұртшылық әкімдіктің жұмысын тікелей бақылай алады

9 июня, 2022
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
Кентауда жұртшылық әкімдіктің жұмысын тікелей бақылай алады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жергілікті атқарушы органдарды халық үшін қолжетімді ете түсу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Кентау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Telegram әлеуметтік желісінде ашылған https//t.me/Rashid_Ayupov арнасында аппараттық жиындарда есеп берген бөлімдердің баяндамалары таратылуда. Жол және көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары бойынша толыққанды ақпарат ұсынылған. Өзгеріс енген бойда жаңартылып, салынатын құжат ішінде атқарушы мердігер мекеме, басшысы және байланыс нөмірі, жұмыс атқарылуы тиіс және кепілдік мерзімі, жұмысқа қарастырылған қаражат мөлшері және жауапты мекеме, бөлім жайлы ақпарат көрсетілген.
– Ел игілігіне атқарылып жатқан жұмыстар барысын барынша ашық көрсете білу, құжаттарды халық тікелей жүктеп, бақылай алуына мүмкіндік беру аса маңызды. Тұрғындар әр жұмыстың орындалу уақытын және нақты кім атқарып жатқанынан хабардар болған жағдайда мемлекеттік мекемелерге деген сенімі арта түседі. Халық жұмыстың тиянақты болуын бақылап, тікелей кімге хабарласа алатынын, ұсыныстары болған жағдайда кіммен талқылай алатынын білуге құқылы. Ел қаражатына атқарылған жұмыстар біткенде тұрғындар да нақты кімнің еңбегі екенін біле жүреді, – деген Рашид Аюпов ашықтық деңгейін қазіргіден де арттыру жолдары қарастырылатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, екі ай бұрын қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы әр бөлім және мекеме қызметкерлерін таныстыру басталған. Бұдан бөлек, бөлім және мекемелерге ресми парақшалар ашып, халықты ақпараттандыру және кері байланыс орнату тапсырылды. Әкім орынбасарлары және өзге де қызметкерлердің бекітілген кестеге сәйкес тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сауалдарына жауап беруі үйреншікті іске айналды.

Previous Post

Жетісайлық кәсіпкер қос отбасыға баспана сыйлады

Next Post

Ордабасыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 37 жоба іске асырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz