gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысының ұстаздары топ жарды

13 июня, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысының ұстаздары топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты.
Басты мақсат — жалпы білім беру ұйымдарында қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының маманы қатысты.
Атап өту қажет, бұл спартакиада республика бойынша алғашқы рет Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласында өткізілді.
Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдары және жеңімпаз кубоктарымен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Спорттық жарыстың жалпы есептік қорытындысы бойынша Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қызылорда облысының мамандары жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылық ұстаздар алды.
Бұл айтулы шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі.

Previous Post

Дархан СЕРІКБАЕВ: "Көкпарға қызығатын балаларға қосымша үйірме керек"

Next Post

Түркістан дәрігерлері аса күрделі отаны сәтті жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz