gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түлкібаста демеушілер есебінен кіші футбол алаңшасы ашылды

13 июня, 2022
in Әлеумет
0
Түлкібаста демеушілер есебінен кіші футбол алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес және «Балалар жылы» аясында Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ ауылынан демеуші есебінен заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Игі шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев демеуші болған жандарға аудан халқының және өз аттарынан алғыстарын білдіріп, ауыл жастарын жаңа спорт нысынымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді.
Шалғай ауылдардың бірі саналатын Ынтымақ елді мекені аумағында ашылған заманауи спорт алаңшасы барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы мен кіші футбол алаңы бар. Түнгі уақытта жарықтандыратын шамдар мен орындықтар қарастырылған.
Спорт алаңшасы аймақта бұқаралық спорттың дамуына және басқа да қайырымдылық шаралардың жүзеге асуына мұрындық болып жүрген Шерхан Мұртаза атындағы «WAQF» қайырымдылық қорының ұсынысымен «Састөбе Цемент» зауытының қаржысына салынған.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген «Састөбе Цемент» зауытының бас директоры Александр Бартенев ауыл тұрғындарын жаңа нысандарымен құттықтап, Састөбе кентінің жастары үшін жақсы жаңалығымен бөлісті. Кәсіпкер зауыт пен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің арасында инженер мамандығына оқыту бойынша келісім түзілгенің айтып, алдағы уақытта осы салаға қызғушылық білдірген балаларды тегін оқытып және зауытқа жұмысқа орналасуына жағдай жасалатындығын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін «Састөбе Цемент» зауытының басшылығы Макаренко атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, демеушілік жасап келген.

Previous Post

Шардара ауданына 29,7 млрд. теңге инвестиция тартылды

Next Post

Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар азаймай тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz