gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш басында тұр

15 июня, 2022
in Билік, Жаңалықтар
0
Түркістан облысы шағын кәсіпкерлікті дамытудан көш басында тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан мен қала тұрғындарымен кездесулерде облыс басшылығы тарапынан осы бағытта түсіндірме және насихат жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
– Елдің кәсіпкерлікке деген ықыласы жақсы. Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы 42,9 млрд. теңгеге 315 жоба мақұлданды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 2,2 млрд. теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларының арқасында өндірілген өнім көлемі 47%-ға өсіп, 1,2 трлн. теңгені құрады, – деді Ө.Шөкеев.
Қазіргі таңда өңірде Түркістан облысы әкімдігінің тиісті басқармалары арқылы кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жеңілдіктер алу жолын түсіндіру бойынша ауылдарда, қалаларда семинар-кеңестер жалғасып жатыр.
Облыста инвестиция көлемі де ұлғайған. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2021 жылдың қорытындысымен 2,3 есеге артып, (2018 ж. – 288,1 млрд. теңге) 660,3 млрд. теңгені құрады. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында Түркістан облысы бойынша 2020-2025 жылдары 323,3 млрд. теңгеге, 4823 жаңа жұмыс орнымен 34 инвестициялық жоба енгізілген. 2020-2021 жылдары инвестициялық құны 13,6 млрд. теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2015 жаңа жұмыс орны құрылды.

Previous Post

Түркістан облысы бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд. теңгені құрады

Next Post

Түркістан облысында «бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz