gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім ұлғайып келеді

15 июня, 2022
in Билік, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім ұлғайып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде республиканың БАҚ өкілдерімен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті.
Елорда төріндегі баспасөз мәслихаты 1 сағат 47 минутқа созылды. Орталық коммуникациялар қызметінің фейсбуктегі парақшасы арқылы 3 мыңдай адам тамашалап, 170-тен астам пікірлер мен сұрақтар түсті. Еліміздегі жетекші БАҚ өкілдерінің Түркістан өңірінің дамуына деген қызығушылығы өте жоғары болды. Журналистер тарапынан 50-дей сұрақ қойылып, өткір мәселелер қозғалды. Ашық форматта әңгіме өрбіді.
Өмірзақ Шөкеев журналистер тарапынан қойылған мектеп тапшылығы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қажымұқан мемориалдық кешенін салу, әкімдердің рейтингі, Түркістан қаласын дамыту, балалар арасындағы суицид, ағын су тапшылығы және өзге де сұрақтарға жауап берді. Қазақтың даңқты балуаны – Қажымұқанға құрмет көрсету, ірі кешенін салу арқылы оны ұрпаққа дәріптеп, спортшылар мен отаншыл жастарды тәрбиелеу маңызды екеніне тоқталды. Сонымен бірге ағын су тапшылығын шешу бойынша Өзбекстан Республикасы мен еліміздегі жауапты министрлікпен бірлесе жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ өңірде мектеп тапшылығын шешу үшін қарқынды жұмыс атқарылғанын, былтыр елімізде салынған 200 мектептің 50-ге жуығы Түркістан облысында бой көтергенін жеткізді. Түркістан облысы құрылған 4 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жеткенін айтты. Өнеркәсіп өнім көлемі 1,6 есеге артып, 707,8 млрд. теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 есеге артып, 906,5 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өскен. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 5 айда оң өсім сақталған.
– Біздің басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Previous Post

Түркістан облысында «бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

Next Post

Биыл Түркістан облысында 855 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz