gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсіп келеді

15 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінде туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Туризмді өңірдің негізгі драйверлерінің бірі ретінде дамыту назарда тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
– Түркістан облысында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 2021 жылы 102 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша республикада 1-ші орындамыз. Былтыр Түркістанда демалыс орындары және туристік нысандар іске қосылды. Өңіріміз тарихи және мәдени мұраға бай. Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік- сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді, – деді өңір басшысы.
Аймақта «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасының инфрақұрылымын салу жұмысы жүргізілуде. Бұл жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП -50-іне енгізілген.
Туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті күшейді. Нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылымы жақсарды. 2022 жылдың 5 айының қорытындысымен Түркістан қаласына бір күндік келушілер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 мыңдай адамға артып, 297 мың адамға жетіп отыр.
Өңірге туристерді молынан тартуда жолдың да маңызы зор. Былтыр 591 нысан немесе 1189,1 шақырым пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағдайдағы үлесі 79%-дан 87%-ға дейін артты. Биыл 1300 шақырымнан астам жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмысымен қамтылмақ.

Previous Post

Биыл Түркістан облысында 855 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі

Next Post

Түркістан облысының медицина қызметкерлері марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz