gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Түркістан дауысы» байқауы басталды

18 июня, 2022
in Жаңалықтар, Мәдениет
0
«Түркістан дауысы» байқауы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Түркістан дауысы» әншілер байқауы өтуде. «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің сахнасында 17 қатысушы 2 күн бойы өнер көрсетеді. Бұл туралы басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді.
Байқау ережесі бойынша барлық қатысушылар алдымен Қазақстан композиторларының әндерін және өз таңдауы бойынша кез-келген әнді орындауы шарт. Гран-при жүлдесі 2 млн теңге. Сондай-ақ, лауреаттар мен барлық қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталады.
«Түркістанда биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған ән додасында еліміздің 17 облысынан келген жас дарын иелері бақ сынайды. Бұған дейін 18-35 жас аралығындағы 52 үміткер өнер сайысының іріктеу кезеңіне онлайн форматта өтінім білдіріп, оның 17-сі ақтық кезеңге жолдама алды. Байқау мақсаты — шығармашыл, дарынды жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету, халықаралық мәдени, туристік байланысты дамыту және нығайту, қазақ музыкасын әлемдік деңгейде насихаттау», — деді облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров.
Баспасөз мәслихатына арнайы қатысқан қазылар алқасының төрағасы, танымал әнші-композитор Медеу Арынбаев Түркістан төрінде ән шырқаудың өзі мәртебе екендігін атап өтті. «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлы да байқаудың әділ өтетіндігін алға тартып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі.

Previous Post

Түркістанда «Әлиханның аманаты» спектаклі сахналанды

Next Post

БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz